Сатып алыңыз Кез келген O'STIN бөлшек сауда дүкеніндегі сыйлық картасы.
СыйлаңызСыйлық картасымен барлық O'STIN бөлшек сауда дүкендерінде төлем жасауға болады!
Сұрақ-жауап
Сыйлық карталары ostin.com интернет-дүкенінен басқа Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық O'STIN дүкендерінде сатылады және төлемге қабылданады.
Сыйлық карталары келесі номиналда берілген — 2 000, 5 000, 10 000 және 15 000 теңге. Белгілі бір номиналдағы картаның бар болуын дүкеннен нақтылап алу керек.
Сыйлық картасы тауарды тек бір рет төлеу үшін пайдаланылады. Пайдаланылмаған қаражат қалдығы күйіп кетеді.
Сыйлық картасының беткі жағында оның жарамдылық мерзімі ай/жыл форматында көрсетілген. Сыйлық картасы көрсетілген айдың соңғы күніне дейін (айдың соңғы күнін қосқанда) жарамды. Картаның жарамдылық мерзімі ұзартуға жатпайды.
Сыйлық картасының номиналы толтыруға жатпайды.
Жоқ. Бонуспен Сыйлық картасын сатып алуға болмайды.
Иә, Клуб Бағдарламасының Ережелеріне сәйкес есептеледі.
Сыйлық картасымен төленген тауар үшін бонустар карта номиналынан асатын сомаға есептеледі.
O’STIN СЫЙЛЫҚ КАРТАСЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы Ережелер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 397-бабының 1-тармағы және 395-бабының 5-тармағы, 396-бабының 1-тармағына сәйкес "O'STIN Қазақстан" ЖШС (БСН: 080640006400) (бұдан әрі – Компания) жария офертасы болып табылады. Оферта акцепті (яғни, осы оферта барлық шарттарын толық және сөзсіз қабылдау) O'STIN сыйлық картасын сатып алу (бұдан әрі мәтін бойынша мұндай тұлға «Сатып алушы» деп аталады) және оны төлеуге ұсыну (бұдан әрі мәтін бойынша мұндай тұлға «Ұсынушы» деп аталады) болып табылады. Осы офертаны акцептеген сәттен бастап Компанияда осы офертаның шарттарына сәйкес тауарларға ақы төлеу есебіне Ұсынушыдан Компанияның Сыйлық картасын қабылдау міндеті туындайды.
Сыйлық картасы – Сыйлық картасының номинал сомасына айырбастау үшін O'STIN дүкендерінің ассортиментінен кез келген тауарды бір рет таңдау және алу құқығын куәландыратын пластик картасы.
Сыйлық картасының қолданылу мерзімі – басталуы Сыйлық картасын белсендіру болып табылатын уақыт кезеңі (Сыйлық картасы Сыйлық картасының тиісті номиналының ақшалай қаражатының сомасы енгізілген сәттен бастап бір тәулік ішінде белсендіріледі), қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін (сыйлық картасы іске қосылған сәттен бастап үш жыл), ол басталған кезде Компанияның осы офертадағы міндеттері орындалды, ал осы офертаның әрекеті – тоқтатылды деп есептеледі.
Сыйлық картасының номиналы – Сыйлық картасын Сатып алушы енгізген ақшалай қаражатының сомасы, ол тауарды бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша төлем есебіне есептеледі. Сыйлық карталары тек келесі номиналдарда ұсынылған – 2000, 5000, 10000, 15000 теңге.
Сыйлық картасын Сатып алушы кез келген заңды тұлға немесе жеке тұлға бола алады, Сыйлық картасын Ұсынушы тек қана жеке, отбасылық, үй және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес өзге де қажеттіліктер үшін тауар алатын жеке тұлға бола алады. Компания, Сыйлық картасын Сатып алушы және Ұсынушы бір-біріне қажетті құқыққа және әрекетке қабілеттілігіне, сондай-ақ осы офертаны жасасу және орындау үшін қажетті және жеткілікті барлық құқықтар мен өкілеттіктерге ие екендігіне кепілдік береді.
Сыйлық картасы www.ostin.kz интернет-дүкенінен басқа барлық O'STIN дүкендерінде қабылданады.
O'STIN электрондық сыйлық картасы (бұдан әрі мәтін бойынша – ЭСК) – физикалық тасымалдағышы жоқ сыйлық картасы. ЭСК қатысты мынадай айрықша шарттар қолданылады: 1) ЭСК Сатып алушысы тек заңды тұлға бола алады; 2) қолданылу мерзімі – іске қосылған сәттен бастап 3 жыл; 3) ЭСК номиналы мен қолданылу мерзімін дүкен кассасынан немесе 8-800-080-4-999 телефоны арқылы білуге болады.
Сыйлық картасын сатып алу не оны Сыйлық картасын Сатып алушыдан алу осы Ережелермен толық танысуды және оларды қабылдауды білдіреді.
Сыйлық картасын Сатып алушы Сыйлық картасы берілетін тұлғаға осы Ережелердің талаптарын жеткізуге міндетті.
Сыйлық картасының ерекшеліктері:
Сыйлық картасы тауарды алу кезінде номиналының мөлшеріне қарамастан бір рет қана қолданылады:
егер таңдалған тауардың (тауарлардың) бағасы Сыйлық картасының номиналынан төмен болса, қалдық ақшалай қаражатпен төленбейді;
егер таңдалған тауардың (тауарлардың) бағасы Сыйлық картасының номиналынан артық болса, Ұсынушы жетіспейтін соманы қосымша төлеуі керек. Бірнеше Сыйлық карталарының, соның ішінде ЭСК номиналдарын қосындылауға рұқсат етіледі.
Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін Сыйлық картасы жарамсыз болады. Сыйлық картасын сатып алушы оны қайтаруға және ол үшін төленген ақшалай қаражатты алуға құқылы.
Сыйлық картасы Компанияның меншігі болып табылады және пайдаланылғаннан кейін қайтарылмайды.
Сыйлық картасы ұсынушылық болып табылады-жоғалған жағдайда бұғатталмайды және қалпына келтірілмейді
Сыйлық картасын дүкенде қолма-қол ақшамен немесе банк картасымен сатып алған кезде кассалық чек беріледі. Сыйлық картасын жаңа Сыйлық картасы үшін төлеуге пайдалану мүмкін емес.
Таңдалған тауарды алған кезде кассалық чек беріледі, онда пайдаланылған Сыйлық картасы туралы деректер қамтылады және егер ол болған болса, қосымша төлем сомасы көрсетіледі.
Сыйлық картасы бойынша алынатын тауарға тауарды сатып алу-сату шарты жасалған кезде қолданылатын барлық шегерімдер қолданылады, сондай-ақ O'STIN БОНУС Клуб бағдарламасының ережелеріне сәйкес Клуб картасына жинақталған бонустар пайдаланылуы мүмкін.
O'STIN БОНУС Клуб бағдарламасының Ережелері бойынша бонустарды пайдалану кезінде Сыйлық картасын қолдану тәртібі келесідей:
Шегерімді алып тастағандағы тауардың құны анықталады.
Клуб картасына жинақталған бонустар қолданылады.
Қалған сома Сыйлық картасымен төленеді.
Сыйлық картасын пайдалана отырып сатып алынған тауарды қайтару, айырбастау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Тұтынушының тауарды сатып алу-сату шартын бұзу туралы талабы қанағаттандырылған жағдайда, қаражатты қайтару ең жақын кіші номиналдағы жаңа пластик Сыйлық картасын және егер Сыйлық картасының номиналы пластик Сыйлық картасының / ЭСК бастапқы номиналынан өзгеше болса, қолма-қол ақшаны беру жолымен жүзеге асырылады. Жаңа Сыйлық картасының қолданылу мерзімі бастапқы Сыйлық картасының қолданылу мерзімінен кем болмауы керек.
Компания – Сыйлық картасының эмитенті және осы Ережелерді өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Өзекті ақпарат – www.ostin.kz сайтында және барлық O'STIN дүкендерінде тұтынушы бұрышында.